Үндістанда төрт қабатты ғимарат опырыла құлап, бірнеше адамды басып қалды

None
None
ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Дели қаласында төрт қабатты ғимарат опырылып түсті. Үйінді астында адамдар қалып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат India TV телеарнасына сілтеме жасап.

Жергілікті полиция оқиға болған кезде ғимаратта бірнеше адам, соның ішінде екі бала шыға алмай қалуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оқиға кезінде бұл ғимаратта құрылыс жұмыстары жүріп жатқан. Сондай-ақ, полицейлер бір зардап шегушінің үйінді астынан шығарылып, ауруханаға жеткізілгенін айтты.

Делидің өрт сөндіру қызметінің бастығы Атул Гарг тар көшелермен ауыр техникаларды алып өтуде қиындық туындап, үйінділердің қолмен аршылып жатқанын мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар