Үндістанда су қоршауында қалып қойған пойыздан бір мың жолаушы құтқарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні Индияның батысында алапат су тасқыны салдарынан су ортасында қалып қойған жолаушылар пойызынан құтқарылғандар саны мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы журналистерге Үндістан Орталық теміржолының өкілі Сунил Удаси айтты.

«Жалпы 1050 жолаушы қауіпсіз жерге шығарылды. 19 вагоннан жасақталған арнайы пойыз осы жолаушыларды Колхопурға дейін жеткізеді»,- деген Удасидің сөзін келтіреді Times of India газеті. Ал бұдан бұрын 700 жолаушының құтқарылғаны хабарланған еді.

Аса қуатты муссондық нөсер салдарынан болған су тасқыны теміржол платформасын басып қалған. Атап айтқанда, жұма күні кешқұрым Мумбаи – Колхапур бағдарында жолға шыққан пойыз түн жарымында, Мумбаидан 60 шақырым жерде су қоршауында қалды.

Жүздеген жолаушылар ұялы телефондарымен көмекке шақырды. Олардың кейбіреулері пойыз құрамын дер кезінде тастап шыға алды, бірақ көптеген жандар: әйелдер, баалалар мен қарттар биіктігі 1,5-2 метрге жеткен су қоршауында қалып қойды.

Жолаушылар 15 сағаттан астам уақытты сусыз, тамақсыз өткізген.

Құтқару операциясына моторлы қайықтар, әскери тікұшақтар, сондай-ақ әскери қызметшілер жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар