Үндістанда президент сайлауы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үндістанда президент сайлауы өтеді. 2007 жылдан бері елде мемлекет басқарған алғашқы әйел атанған Пратибха Патилдің орнына бірнеше кандидат үміткер болып отыр.
Атап айтқанда, бүгінгі сайлауға бұрынғы қаржы министрі, Біріккен прогрессивтік альянс коалициясы ұсынған Пранаб Мукерджи, бұрынғы парламент спикері, жалғыз оппозициялық кандидат Пурно Агитоком Сангмой, сонымен қатар, Бхаратия джана партиясы (Үнді халықтық партиясы) мен Аннадураи атындағы бүкілүндістандық дравид федерациясы қатысады.
Айта кетейік, мемлекет басшысы бірнеше рет қайта сайлануы мүмкін, алайда Үндістан тәуелсіздігін алған сәттен бері 1947 жылы Рджендра Прасад қана бұл лауазымға екі рет сайланған болатын (1950-1962 жылдары).
Үндістан президенті мемлекет басшысы бола отырып, Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы және айтарлықтай билікке ие болады. Дауыстарды санау жексенбіге қарай аяқталып, президентті ұлықтау рәсімі 25 шілде күні өткізілмек.
- Италияда түнде Этна жанартауы оянды
- Германия мен Италияда карантин мерзімі ұзартылды
- Әлемдегі эпидахуал: Коронавирус тек Азияның оңтүстік-шығыс аймағында бәсеңдеген
- Ыстанбұлды қар басып қалды
-
Ресейде таудағы шаңғы жолын қар көшкіні басып қалды
-
Тунистің бірнеше өңіріне жаппай тәртіпсіздікпен күресу үшін әскер жіберілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам