Үндістанда президент болып екінші рет әйел адам сайланды

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ТАСС – ҚазАқпарат – Үндістанның 15-інші президенті болып Ұлттық-демократиялық альянсынан кандидат, 64 жастағы Драупади Мурму жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Д.Мурму Үндістан президенттігіне сайланып отырған екінші әйел. Елді басқарған алғашқы әйел Пратибха Патил (2007-2012 жылдары) болды. Сондай-ақ Д.Мурму «азат елде», яғни британдықтардан тәуелсіз болғаннан кейін дүниеге келген Үндістанның тұңғыш президенті болмақ. Ол 1958 жылы дүниеге келген. Джаркханд штатының экс-губернаторы.

Д.Мурму ел президенті ретінде 25 шілдеде ант береді. Мемлекеттің іс басындағы басшысы Рам Натх Ковиндтің өкілеттік мерзімі 24 шілдеде аяқталады.

Парламент журналистерге ұсынған соңғы мәліметке сәйкес, саналған дауыстардың жалпы саны 3219 (жалпы құны 838 839). Оның ішінде Драупади Мурму 2161 дауысқа ие болды (жалпы құны 577 777). Ал оның бәсекелесі – оппозиционер Яшвант Синха – 1 058 дауыс жинады (құны 261 062). Дауыстарды есептеу жүйесіне сәйкес, әрбір сайлаушы дауысының «құны» әртүрлі болады. Ол штат халқының санына байланысты.



Фото: © EPA-EFE/DIVYAKANT SOLANKI



Соңғы жаңалықтар