Үндістанда пойызбен селфиге түспек болған студенттер мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Үндістанда өздерін жақындап келе жатқан пойызбен суретке түспек болған үш студент қаза тапты.

Республика күнін Тәж Махал кесенесіне барып атап өтпекші болған төрт дос Аграға келе жатқан еді. Жолда олардың біріне әлеуметтік желілерде көп «лайк» жинайтын суретке түсу туралы ой келеді, деп жазады Вести.

Пойыздың келе жатқанын алыстан байқаған үш студент ол жеткенше темір жолға шығып, ұялы телефондарымен өз-өздерін суретке түсіре бастайды, төртіншісі болса барлық топты сыртынан түсіріп тұрған. Оның айтуынша, достарына қауіп төніп келе жатқаны туралы ескерткеніне қарамастан, олардың өз істеріне елігіп кеткені соншалық, жолдан уақытылы секіруге үлгермей, пойыздың астында қалған.

Соңғы жаңалықтар