Үндістанда пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 8 адам мерт болды

Фото: Фото: 1MI
НЬЮ-ДЕЛИ. СИНЬХУА-ҚазАқпарат – Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында пиротехника фабрикаларының бірінде жарылыс болып, 8 адам қаза тапты. 16 адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа-ға сілтеме жасап.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, оқиға Тамилнад өлкесіне қарасты Канчипурам аймағының Курувималаи ауданында орын алған. Фабрикада фейерверк дайындау үшін қолданылатын шикізат кенеттен тұтанып, жарылыс болған.

«Бүгін Курувималаи ауданындағы пиротехника фабрикасында жарылыс болды. Оқиға салдарынан сол жерде 5 адам көз жұмды. Тағы үш адам алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды», - деді Канчипурам аймағы басшысының өкілі.

Шенеуніктердің атап өтінше, зардап шеккен 13 адам Канчипурамдағы мемлекеттік ауруханаға жатқызылған. Тағы үш адам Ченнаи ауруханасына жеткізілген.

Полиция қызметкерлерінің дерегінше, фабриканың қираған ғимаратында құтқару операциясы жүргізілуде. Жарылыс болғанда кезде кәсіпорында 25-тен астам адам жұмыс істеп жатқан.


Соңғы жаңалықтар