Үндістанда өгіз 12 адамның өліміне себепші болды

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанның Раджастан штатында жан түршігерлік жол апатынан 12 адам қаза тауып, тағы 10-ы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат 18news.com-ға сілтеме жасап.

Қолда бар деректерге қарағанда, таңертең Латурадан Қисарға бара жатқан шағын автобус жүргізушісі кенеттен пайда болған өгізді қағып кетпеу үшін көлікті шұғыл бұрып жіберген. Салдарынан рульге ие бола алмай қалып, жолды бөліп тұратын бөгетке соғылған.

Апат салдарынан 12 адам, соның ішінде бес әйел және бір бала тіл тартпай кеткен. Полиция зардап шеккен төрт адам Джайпур ауруханасына, қалған алтауы Нагаурадағы ауруханаға жатқызылғанын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар