Үндістанда леопард үш жасар баланы ну орманға сүйреп әкетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі Джамму және Кашмир штатындағы тұрғын үйлердің біріне жабайы леопард шабуылдап, кішкентай баланы сүйреп әкеткен. Бұл туралы жабайы табиғатты қорғау қызметкерлеріне сілтеме жасап NDTV телеарнасы хабарлайды.

Үш жастағы Васим Акрам жыртқыш үйге кіргенде ас үйде, шешесінің көз алдында болған. Аяқ астынан үйге кірген леопард баланы тістелеп сүйреткен күйі орманға кіріп, жоқ болған. Біраз уақыттан соң баланың бассыз денесі табылған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы екі айда осымен үшінші рет аңдар адамдарға шабуылдаған. Жуырда ғана осы ауданның сегіз жасар баласы құрбан болған.

Ресми деректерге қарағанда, Үндістанды мекендейтін леопардтардың саны қазір 12-14 мың аралығында.

Соңғы жаңалықтар