Үндістанда күшті жауын мен су тасқыны салдарынан 53 адам мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның батысында табиғи апат орын алды. Тұрғындарға және су тасқыны салдарын жою үшін ұлттық елеу күштері, шекарадағы қауіпсіздік күштері, сондай-ақ полиция құрамынан 14 құтқару командасы жіберілді.

Іздеу-құтқару іс-қимылдарына әскери әуе күштерінің авиациясы қосылды.

Қатты нөсерден болған су тасқындары мен көшкін салдарынан Үндістанның батысында (Гуджарат штаты) 53 адам қаза тапты. Бұл туралы ішкі істер мемлекеттік министрі Харибхаи Чаудхари мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. Муссондар маусымында түскен жауын-шашыннан Гуджарат штатының айтарлықтай аумағында өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасыды. Бірқатар елді мекендер жолдарды су шайып кетті, жарық беру қызметі бұзылды, ауызсуды жеткізу қиындай түсті.

Соңғы жаңалықтар