Үндістанда көшкіннен 20 адам қаза тапты

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. INDIA TODAY - ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Үндістанның Ассам, Кашар, Каримгандж және Хайлаканди аудандарында болған көшкін салдарынан кем дегенде 20 адам, соның ішінде кәмелет жасына толмаған балалар қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат India Today агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қаза тапқандардың жетеуі - бір отбасы мүшелері. Олар сейсенбі күні таңертең Кашарда толассыз жауған жаңбырдан кейінгі көшкін кезінде мерт болды. Адамдар қираған үйлердің астында қалып қойған. Жергілікті тұрғындар полиция қызметкерлеріне олардың денесін үйінді мен лайдың астынан алып шығуға көмектесті.

Басқа алты адам, соның ішінде бір отбасының бес мүшесі Каримгандж ауданындағы көшкін кезінде мерт болды. Он адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Тағы жеті адам Хайлаканди ауданындағы екі көшкін кезінде қаза тапты.

Бұдан бөлек, Үндістан Араб теңізінің үстіндегі циклон туралы хабарлады. Синоптиктердің айтуынша, Нисарга циклоны Мумбай қаласына жақындап келеді. Оның салдарынан Махараштра бірнеше бөлігі мен Гуджарата оңтүстік бөлігінде толассыз жаңбыр жаууы мүмкін.

Циклон Үндістанның батыс жағалауындағы басқа да аудандарда, соның ішінде солтүстік Керала, Карнатака мен Гоада жаңбыр жаууына ықпал етуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар