Үндістанда көшкіннен 14 адам қаза тауып, 30-дан астамы із-түзсіз жоғалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірнеше апта бойы толассыз жауған жаңбыр салдарынан Үндістанның солтүстік-шығысында көшкін болып, кем дегенде 14 адам қаза тапты және 30-дан астамы із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News-ке сілтеме жасап.

Табиғи апатпен күрес қызметкерлері, полиция мен жергілікті тұрғындар Манипур штатының астанасы Импхалаға жақын орналасқан Нони қаласында үйінді астында қалып қойған зардап шегушілерге көмек көрсетіп жатыр.

Жергілікті биліктің мәліметінше, қаза тапқандардың жетеуі әскери қызметші болған. Із-түзсіз жоғалғандар арасында Үндістанның бес теміржол қызметкері бар. Табиғи апат болған ауданда теміржол салынып жатыр. Үндістанның солтүстік-шығысында үш аптадан бері толассыз жаңбыр жауып жатыр.

Кейбір мәліметтер бойынша, 17 мамырдан бері қатты нөсер мен көшкін салдарынан Ассам, Манипур, Трипура және Сикким штаттарында барлығы 200 адам, Бангладеште 42 адам мерт болған.

Жүздеген мың адам эвакуацияланған.


Фото: abcnews.go.com
Соңғы жаңалықтар