Үндістанда коронавирустың жаңа штамы анықталды

None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат- Үндістанда коронавирустың жаңа түрі анықталды. Eris деп аталатын (EG.5.1) жаңа штамм Ұлыбритания тұрғындары арасында алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Economic Times басылымына сілтеме жасап.

Коронавирустың геномдық вариацияларын бақылау үшін құрылған Үндістанның SARS-CoV-2 геномика консорциумы жаңа штам жұқтырғандар бар екенін, бірақ алаңдайтын ештеңе жоқ екенін атап өтті.

«ХВВ коронавирусының нұсқасы Үндістанда басым штам болып қала береді. Қазіргі уақытта ол осығанға дейінгі барлық жағдайлардың 90-92% құрайды. Мысалы, Омикроннан шыққан 5.1 штамы алғаш рет өткен айда Ұлыбританияда анықталды және қазір бүкіл ел бойынша таралуда. Мониторинг жүйесі жақсы жұмыс істейді, өйткені біз жаңа штамдарды анықтай алдық», - деді Үндістанның коронавирустық аурулар геномикасы консорциумының мүшесі.

Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде елде коронавирус жұқтырғандардың жаңа саны 54-ке жетті, белсенді жағдайлардың саны 1574. Вирустан қайтыс болғандар саны 531 918 адамды құрады.

Соңғы жаңалықтар