Үндістанда коронавирус сәбиден анықталды

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанның Керала штатында дәрігерлер үш жасар баладан коронавирус індетін анықтады, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА NDTV-ға сілтеме жасап.

Бұл Үндістанда коронавирустың баладан анықталуының алғашқы оқиғасы. Керала штатында тұратын ұл бала ата-анасымен Италияға саяхаттап, өткен сенбіде Үндістанға оралған. Ұшақ қонған соң, отбасы Кочи әуежайында тексерістен өткен. Ата-анасы мен бала жергілікті ауруханада карантинге жатқызылды. Сол кезде сәбиден ауру белгілері пайда болып, індетке шалдыққаны расталды.

Бұл оқиғадан бөлек, таяуда Иранда болып келген 63 жастағы әйелден де коронавирус анықталып отыр. Бұл – Джамму мен Кашмир аумағында індетке шалдығудың бірінші жағдайы.

Бүгінде Үндістанда COVID-19 вирусына шалдығудың 43 оқиғасы тіркелді. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің мәліметінше, инфекцияны жұқтырудың тағы бір жағдайлары туралы Дели мен Уттар-Прадештен хабарланған.

Айта кетсек, бүгінде Катар мемлекеті коронавирусқа байланысты 14 елден, соның ішінде Үндістаннан келетін саяхаттаушыларға елге кіруге уақытша тыйым салды.

Коронавирусты 100-ден астам елде 100 мыңнан астам адам жұқтырды, 3 мыңнан астам адам көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар