Үндістанда көпқабатты үйдің шүмегінен су орнына ішімдік аққан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістандағы Керал штатында көпқабатты үй пәтерлерінің шүмектерінен ішімдік аққан. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, жағымсыз иістің шыққанына тұрғындар бірден назар аударған және күмән тудырған суды пайдаланбаған.

Жергілікті билік органдарына шағымданғаннан кейін, бұрын тәркіленген 6 мың литр алкогольдің үй маңындағы су жиналатын ұңғыманың қасына көмілгені анықталды.

Топырақ арқылы ішімдік тұщы судың қайнар көзіне түсіп кеткен. Оқиғаның салдары жойылуда.


Соңғы жаңалықтар