Үндістанда карьердегі жарылыс салдарынан 10 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Андхра-Прадеш штаты Кадапа ауданындағы карьер жарылысы салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тапты, бірнеше адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Times of India газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым дерегінше, ішіне жарылғыш зат салу үшін гранитте тесіктер бұрғылау кезінде жарылыс болған. Заттардың көптігінен жарылыс бірден болады. Он адам бірден қаза тапты, жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді.

Мән-жайды анықтау үшін аудан әкімдігі өкілдері мен полиция оқиға орнына аттанды.

Газеттің хабарлауынша, карьердегі жұмыс тиісті рұқсатсыз жүргізілген болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар