Үндістанда ғимарат опырыла құлап, 13 адамды басып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында көпқабатты ғимарат құлап, 13 адам ажал құшты. Бұл туралы дүйсенбі күні NDTV телеарнасы құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқару операциясы барысында үйінділердің астынан 17 адам құтқарылды. Олардың бесеуі – әскери қызметкер. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ғимарат толассыз жауған жаңбырдың салдарынан құлаған болуы ықтимал. Штат басшысы Джэй Рам Тхакурдың айтуынша, ғимараттың құрылысы техникалық талаптарға сәйкес болмаған.


Соңғы жаңалықтар