Үндістанда газ фабрикасында жарылыс болып, бес адам қаза тапты

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Сенбі күні Үндістанның батысында Гуджарат штатында медициналық газ шығаратын компанияның фабрикасында жарылыс болып, салдарынан бес адам қаза тапты және бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды PTI агенттігі.

Оның мәліметінше, жарылыс таңғы сағат 11-де Вадодара округінде Aits Industries Limited компаниясының кәсіпорнында болған.

Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз.


Соңғы жаңалықтар