+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Үндістанда газ баллоны жарылып, ғимарат опырылып түсті: 10 адам көз жұмды

2019 жылғы 14 қазан 13:11
Бөлісіңіз:
Үндістанда газ баллоны жарылып, ғимарат опырылып түсті: 10 адам көз жұмды

МОХАММАДАБАД. ҚазАқпарат – Үндістанның Уттар-Прадеш штатының Моххамадабад қаласындағы тұрғын үй пәтерлерінің бірінде газ баллоны жарылып, екі қабатты ғимарат құлады. Салдарынан кем дегенде 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат India Today-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бангладештегі циклоннан 13 адам қаза тапты Чилиде университет ғимаратын өртеп жіберді Британияда жүк көлігінен 15 адам табылды

PTI ақпараттық агенттігі, атап айтқанда, бас хатшысы Аваниш Авастхи аталмыш ақпаратты растады. Оның айтуынша, қазіргі таңда жарылыс салдарынан көз жұмғандар саны 10 адамды құрап отыр. Сондай-ақ, 15 адам ауыр жарақат алған.

Құрбандар саны өсуі мүмкін, себебі бірнеше адам ғимараттың ішінде, үйінді астында қалып қойған. Қазіргі таңда үйінді астынан адамдарды шығару үшін құтқару операциясы жүріп жатыр.

Үндістанның Уттар-Прадеш штатының бас министрі Йоги Адитьянат тиісті тұлғаларға жараланған адамдарға қажет медициналық көмекті көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ, ол көз жұмғандардың отбасыына қайғырып көңіл айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аудармашы - Біржанқызы Сабина

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT