Үндістанда досын шығарып салғысы келген қазақстандық айыппұл төледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Үндістанның Дели әуежайында жалған билетпен ұсталған Қазақстан азаматына қатысты қосымша ақпаратты жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, жалған билетті жасаған жігіт ұшаққа мінуді көздеген жоқ. Ол өзінің досын шығарып салғысы келді.

«Ұшаққа кіруге тырысқан жоқ. Ол әуежайдың ішіндегі тексеру бекетінен өтіп, тіркеу аймағына кіру үшін ғана жалған билетті қолданған. Сөйтіп, өзінің досын шығарып салғысы келді. Қазір бәрі дұрыс. Төлқұжаты өзіне қайтарылды. Айыппұл төленді. Бұл қылмыстық іс емес, әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады», - деді А.Смадияров Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бұған дейінгі баспасөз мәслиxатында Дели әуежайында Қазақстан азаматының жалған әуе билетімен ұсталғаны туралы xабарланған болатын.

«Бізге келіп түскен ақпаратқа сәйкес Дели қаласының әуежайында Қазақстанның бір азаматын әуе билетін қолдан жасағаны үшін жергілікті полиция ұстады. Ол 10 мың рупий (қазіргі курспен шамамен 53 000 теңге - авт.) көлемінде айыппұл төлегеннен кейін босатылады. Қазір ол Дели қаласында», - деді А.Смадияров.

Соңғы жаңалықтар