Үндістанда дәрігерлер науқастың асқазанынан 600 шеге алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық хирургтер психикалық ауытқуы бар науқастың асқазанынан 600-ден астам шеге алды, ота сәтті болуы үшін магнит қолданылған, деп хабарлайды NDTV.

Журналистерге сұхбат берген хирург Сиддхартха Бисвастың айтуынша, науқастың асқазаны 2 сантиметрлік шегелерге  толы болған. Шегелерді алу үшін магнитті қолданған. Ота бір тәулікке созылған.

«Оның психикалық ауытқуы болғандықтан, не жеп, не қойғанын білмейді. Ешқайсымыз да оның асқазанынан мұншалықты көп шеге шығады деген ойға келген жоқпыз», - дейді науқастың туысы.

Бір ай бұрын іші қатты ауырған науқас ауруханаға жеткізіліп, ультрадыбыстық диагностика жасалады. Сол кезде оның асқазанында қатты заттар бар екені анықталды. Содан кейін дәрігерлер күрделі отаға дайындықты бастады.

БАҚ-тағы хабарларға сүйенсек, ота сәтті өткен, қазір науқастың жағдайы тұрақты.

Соңғы жаңалықтар