Үндістанда COVID-19 жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші алғаш рет 100 мың адамнан асты

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Индияда COVID-19 жұқтырудың күнделікті көрсеткіші дүйсенбі күні 103 558 адамға өсті,деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, бұл – осы уақытқа дейінгі тәулік ішіндегі ең үлкен өсім. Нәтижесінде жұқтырғандардың жалпы саны 12,59 млн-ға жеткен,

Елде соңғы тәулікте 478 адам қайтыс болды, ал жалпы өлім көрсеткіші 165 101-ге жетті.


Соңғы жаңалықтар