Үндістанда COVID-19-дан қайтыс болғандардың тәуліктік көрсеткіші бойынша антирекорд тіркелді

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістан дәрігерлері соңғы 24 сағатта 401 078 жаңа жұқтыру оқиғасын тіркеді, елдегі эпидемия кезінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 21 892 676, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенбі күні Үндістанның денсаулық сақтау және отбасы әл-ауқаты министрлігі өз сайтында хабарлағандай, бір тәулікте қайтыс болғандар саны 4 187-ге көбейіп, 238 270-ға жетті.

Коронавирус инфекциясымен байланысты өлім саны Үндістанда бірінші рет 24 сағат ішінде 4 мыңнан асты. Өлім бойынша алдыңғы антирекорд 6 мамырда тіркеліп, 3 980 болған.

Соңғы тәулікте Үндістанда төртінші рет тәулігіне 400 мың жұқтыру оқиғасы тіркелді. 22 сәуірден бастап елде тәулігіне 300 мыңнан астам адамнан коронавирус жұқтыру оқиғасы анықталуда.


Соңғы жаңалықтар