Үндістанда бір тәулікте 45352 адам COVID-19 жұқтырып, 366 адам көз жұмған

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанда өткен тәулікте 45 352 адам коронавирус жұқтырып, 366 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат IndiaToday-ге сілтеме жасап.

3 қыркүйек күні таңертеңгі жағдай бойынша, елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 32,9 млн адамнан асты. Ковидтен қайтыс болғандар саны 440 мыңға жетті.

Үндістанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 32 млн астам тұрғын вирустан жазылып кеткен.

Қазіргі уақытта Үндістанның 670 млн-нан астам тұрғыны вакцинаның бірінші компонентін салдырған.

Бейсенбі күні елде 47 092 адам коронавирус жұқтырып, соңғы екі айда рекордтық көрсеткішке жетті.

Өткен тәулікте Үндістанда 45 352 адам коронавирусқа шалдығып, 366 адам қайтыс болды. Олардың басым бөлігі Керал штатының тұрғындары - 32 803 адам. 4 456 инфекция Махараштра штатында анықталса, Мизорамда 1 992, Тамилнад штатында 1 509 және Андхра-Прадеш штатында 1 186 адам коронавирус жұқтырған.


Әділет Сейілханов
Соңғы жаңалықтар