Үндістанда барлық ересек адамдарды COVID-19-ға вакциналау басталды

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Үндістанда дүйсенбіде елдің барлық ересек тұрғындарын коронавирустан тегін вакциналау бағдарламасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Times Of India газетіне сілтеме жасап.

Бағдарлама аясында Үндістан үкіметі елде өндірілген вакциналардың 75%-ын сатып алып, оларды ел штаттарына таратады. Белгілі бір аймақ алатын вакциналардың саны халықтың санына, COVID-19 жағдайларының санына және коронавирусқа қарсы вакциналау санына байланысты болады. Елде өндірілген вакциналардың қалған 25%-ын штаттар мен жеке клиникалар сатып ала алады.

СOVID-19-ға вакциналау Үндістанда 16 қаңтарда басталды, 30 сәуірге дейін билік вакциналарды тегін таратты. Сол уақытта дәрігерлер, медбикелер, полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері, сондай-ақ 45 жастан асқан адамдар вакцина алды.

Үндістанда COVID-19 инфекциясының жаңа жағдайларының өсуі осы жылдың ақпан айының соңынан бастап тіркелді, 21 сәуірден 17 мамырға дейін күн сайын жаңа жағдайлардың саны 300 мыңнан асты. Бұл кез келген елге қарағанда көп болатын. Мамыр айында 5 тәулік бойы олардың саны 400 мыңнан асып тұрды.

Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, пандемия кезінде елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 29,9 миллион адамға жетті, 28,7 миллионнан астам адам сауыықты, 386 мыңнан астам адам қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар