+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Үндістанда автобус жыраға құлап, 11 адам опат болды

2018 жылғы 8 желтоқсан 14:47
Бөлісіңіз:
Үндістанда автобус жыраға құлап, 11 адам опат болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Джамму және Кашмир штатында жолаушы автобусы жыраға құлап, 11 адам мерт болды, тағы 19-ы жарақат алған. Бұл туралы жергілікті Greater Kashmir газеті денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сенбі күні таңертең Лоран елді мекенінен Пунчқа бара жатқан автобус Пунч округінде жан түршігерлік жол апатына ұшыраған.

«19 адам апат салдарынан жарақат алған. Жағдайы ауыр бес адам аудандық ауруханаға жеткізілді», - деп мәлімдеді денсаулық сақтау департаментінің өкілі Саид Муштак Хуссейн.

Қазір келеңсіз жағдайдың себеп- салдары тексеріліп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аудармашы Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT