Үндістанда әскери тікұшақ құлап, бес адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстік-шығысында Үндістан Әскери әуе күштерінің Ми-17 әскери-көлік тікұшағы құлады. 

Апат салдарынан бес адам қаза тауып, бір адам жарақат алған, деп хабарлайды Times of India.

Оқыс оқиға жұма күні таңертең Аруначал-Прадеш штатының Таванг қаласының маңында болған.

Басылымның ақпаратына сүйенсек, тікұшақ бортында алты адам болған. Зардап шеккен жанның жағдайын дәрігерлер ауыр деп отыр.

Фото: © AFP 2017 / Aamir Qureshi

Соңғы жаңалықтар