+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Үндістанда әл-Фарабидің 1150 жылдығы атап өтілді

2020 жылғы 18 ақпан 15:16
Бөлісіңіз:
Үндістанда әл-Фарабидің 1150 жылдығы атап өтілді

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Үндістанда әл-Фарабидің 1150 жылдығы аталып өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлы даланың рухани ұстазынан үлгі алсақ, ұтылмаймыз – Абат Қыдыршаев Литва астанасында әл-Фараби орталығы ашылды Өскеменде әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған қысқы Универсиада өтті

17 ақпанда Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің қолдауымен Нью-Делиде Дж. Неру атындағы университетте Шығыстың көрнекті ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Ерлан Әлімбаев өз сөзінде әл-Фарабидің мерейтойы UNESCO-ның атаулы күндер мен оқиғалар күнтізбесіне енгізілгенін және оны Делиде мерекелеу ұлы ғалымның Дүниежүзілік мұрасын зерттеуге және зерделеуге қуатты серпін беретінін атап өтті.

Іс-шараға қатысқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің делегациясы қатысушыларды ғалымның өмірі мен еңбектерімен таныстырды.

Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген жергілікті академиялық орта өкілдері мен Үндістанның ғылыми орталықтары мен институттарының басшылары Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасының маңыздылығын атап өтіп, осындай оқиғалардың екі елдің мәдениетін жақындастыру үшін маңызды екенін жеткізді.

Бұл іс-шара әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналған Үндістандағы мерекелердің бастауы болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT