+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

Үндістанда «әл-Фараби үйі» ашылды

2019 жылғы 23 тамыз 18:51
Бөлісіңіз:
Үндістанда «әл-Фараби үйі» ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Үндістанның Нью-Дели қаласында әл-Фараби атындағы қазақ-үнді ғылыми-білім және мәдени орталығы ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Үндістанда әл-Фарабидің 1150 жылдығы атап өтілді Әл-Фарабидің 1150 жылдығы Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында кеңінен атап өтіледі Швейцарияда Абай мен әл-Фарабиге арналған пошта маркалары шығарылды

Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Орталықтың ашылуы 2020 жылы ЮНЕСКО-ның қолдауымен кең көлемде аталып өтілетін әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналып отыр .

Әл-Фарабидің мұрасы ғылымның барлық дерлік салаларын қамтиды. Оның ғылымды жүйелеп жіктеуі әлемдік ғылыми ойдың одан ары дамуына өз әсерін тигізді. Оның еңбектері Еуропада XII-XIII ғғ. латын және иврит тілдеріне аударыла басталды, ал 1930-1932 жж. Париж қаласында «Музыка туралы үлкен кітабінің» бірінші бөлімінің француз тіліндегі аудармасы басылып шықты.


Әл-Фараби есімі әлемнің ғылым және мәдениет тарихына берік енді. Оның шығармашылық қызметі Еуропа мәдениетінің ренессансына үлкен әсерін тигізіп, еңбектері Батыс пен Шығысты байланыстыратын рухани көпірге айналды.

Елші Болат Сәрсенбаев «әл-Фараби үйі Қазақстанның тарихы мен мәдениетін тануды қалайтын жандарға ашылды. Орталықтың қызметі мәдениет диалогының дамуы және Қазақстан мен Үндістан арасындағы әріптестіктің одан әрі нығаюына септігін тигізеді», - деп атап өтті.

Сондай-ақ, Орталық студенттерге Қазақстандағы білім беру жүйесі, студенттер арасындағы алмасу бағдарламалары туралы толық ақпарат беріп, Қазақстанда оқығысы келетіндерге қажетті кеңестер беретіндігі Орталық директоры доктор Мир Хусейн атап өтті.

«Әл-Фараби үйінің» ашылу салтанатына үкіметтің, бизнес және қоғамдық топтардың, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың және үндістандық БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шараның құрметті қонағы Үндістанның Жастар ісі және спорт жөніндегі мемлекеттік министрі Кирен Риджиджу мырза болды.


Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы). Отырар қаласы IX-Х ғ. тарихи қатынастар мен Ұлы Жібек жолының торабындағы аса ірі саяси, мәдениет және сауда орталығы болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT