Үндістанда 30-дан астам көлік соқтығысып, 4 адам ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі Харьяна штатындағы күре жолда 30-дан астам көліктің қатысуымен болған жол апатында төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды NDTV телеарнасы.

Бірінші машина күре жолдың ортасында бұзылып қалған жүк көлігіне соғылып, бұл оқыс жағдай соқтығысулар тізбегіне әкеліп соқтырды. Көлік жүргізушілері соқтығысқан автомобильдерді қалың тұман салдарынан байқамай қалды, деп мәлімдеді жол-патрульдік полицияның баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар