Үндістан үкіметі қазақстандықтарды тегін тағылымдамадан өтуге шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі қазақстандықтарды екі бағыт бойынша курстардан өтуге шақырады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығына» сілтеме жасап хабарлайды.

Әуе билеттері (Қазақстан-Үндістан-Қазақстан), оқу курстары, тұратын жер, оқу материалдары менэкскурсиялары Үндістан үкіметімен қаржыландырылады.

Курстар ITEC (Indian Technical and Economic Cooperation) техникалық-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

Аталған бағдарламаға мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және жеке ұйымдардың және кәсіпорындардың, сондай-ақ сауда-өнеркәсіптік палатаның өкілдері қатыса алады.

Толық ақпаратты мына жерден көруге болады.

Соңғы жаңалықтар