+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Үндістан өз вакцинасын мақұлдады

2021 жылғы 4 қаңтар 03:30
Бөлісіңіз:
Үндістан өз вакцинасын мақұлдады

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Үндістан жедел түрде отандық COVAXIN вакцинасын пайдалануға рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысында биыл 1300-ден астам адам ревакцинациядан өтеді Коронавирус: Алматыда «омикрон» штамы анықталған жоқ Атырау облысында коронавирусқа шалдыққан 227 адам ауырып жатыр

Бұл туралы хабрландыру жексенбі күні таратылған және қалың көпшіліктің таңданысын тудырып отыр. Себебі шенеуніктер Bharat Biotech өнімінің тиімділігін жария түрде айтпаған және олар қандай да бір сұраққа жауап беруден бас тартып отыр. Бұл жағдай ел премьер-министрі Нарендру Модиді де алаңдатпайды.

Ол Үндістанның ғылым мен фармацевтика саласының жеңіске еткенін айтады.

Үндістан өзінің жеке вакцинасын дайындап бекіткен аз ғана мемлекеттердің бірі. Соған қарамастан бұл елдің жүздеген миллион тұрғынын ауқымды вакциналау бағдарламасы Оксфорд университетінде дайындалған британиялық AstraZeneca вакцинасына жоспарланған.

Бұл вакцинаны ел билігі екі күн бұрын мақұлдаған. Осыдан кейін бүкіл ел осы вакцинаның келуін күтіп дайын отыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT