Үндістан мен Пәкістан бағытында тасымалдау әлеуетін дамытуға басымдық беріледі - министр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Серік Жұманғарин Үндістан мен Пәкістан бағытында тасымалдау әлеуетін дамытуға басымдық берілетінін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Бүгінгі таңда Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту шеңберінде «Солтүстік-Оңтүстік» шығыс тармағының инфрақұрылымын Иранға қарай дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Негізгі басымдық – Үндістан мен Пәкістан бағытында тасымалдау әлеуетін дамыту. Сондай-ақ, Қытай, Ресей және Қырғызстанмен шекаралардағы орталықтарды жаңғырту жұмыстары жалғасады. Жобаны сәтті іске асыру транзиттік жүк ағынын 2 есе, ал тауар айналымын орта есеппен 30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді министр.

Қоса кетсек, бұған дейін Серік Жұманғарин Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарада «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылатынын мәлімдеген еді.


Соңғы жаңалықтар