Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде жетінші орында

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Үндістан коронавирус инфекциясын (COVID-19) жұқтырғандар саны бойынша әлемде жетінші орында тұр. Бұл туралы ҚазАқпарат Chinadaily-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Үндістанның денсаулық сақтау федералдық министрлігі елде ауруға шалдыққандардың жалпы саны 190 535 адамға жеткенін, дүйсенбі күні 5 394 адам қайтыс болғанын мәлімдеді. Министрліктің мәліметінше, соңғы 24 сағатта коронавирус инфекциясы табылған 8 392 адам тіркелген.

Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар бұл көрсеткішті Үндістанда COVID-19-ға тексерілген тұрғындар санының өсуімен және карантин шектеуінің жеңілдетілуіне байланысты деп отыр.

Махараштра штаты инфекция жұқтырғандар саны бойынша көш бастап келеді, содан кейінгі орында Тамил Наду мен Дели тұр.

Соңғы жаңалықтар