Үндістан Қарулы Күштерінің тікұшағы апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Үндістан Қарулы Күштері қорғаныс штабының бастығы генерал Бипин Рават мінген Үндістан Әскери-әуе күштерінің әскери тікұшағы апатынан қаза тапқандар саны 13-ке жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.


Бұған дейін телеарна бес адамның опат болғанын хабарлаған болатын. Штап басшысының жағдайы туралы ресми түрде хабарланған жоқ.

Сәрсенбіде Үндістан Әскери-әуе күштерінің баспасөз қызметі Twitter парақшасында хабарлағандай, бортында генерал Рават мінген Әскери-әуе күштерінің Ми-17В-5 тікұшағы Тамилнад штатындағы Кунура қаласына жақын жерде апатқа ұшырады. Оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу басталды.

Рават бортында оның әйелі мен жоғары шенді әскери қызметкерлері болған.

Қорғаныс штабы бастығының міндеті - Үндістан қарулы күштерінің барлық үш тармағының: құрлықтағы күштердің, әуе күштерінің және теңіз күштерінің әрекетін үйлестіру. Ол Премьер-Министрмен қауіпсіздік және қорғаныстық сатып алу мәселелері бойынша тікелей байланыста болуы және оған ұзақ мерзімді қорғанысты жоспарлау және Қарулы Күштерді басқару мәселелері бойынша кеңес беруі керек. Бұл ретте қорғаныс штабының бастығына құрлық әскерлерінің, теңіз және әуе күштерінің штаб бастықтары бағынады.


Соңғы жаңалықтар