Үндістан ғарышқа адам ұшыруды жоспарлап отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан 2020 жылға қарай алғашқы жеке ұшқыш арқылы басқарылатын миссияны ғарышқа жіберуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында елдің премьер-министрі Нарендра Моди мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

«Үндістан әрдайым ғарыш саласындағы дамыған елдердің қатарында болды. Алайда 2022 жылы Үндістанның Тәуелсіздігіне 75 жыл толған кезде немесе одан да бұрын еліміздің ұлы немесе қызы қолына үш түсті туды ұстап, ғарышқа аттанады деп шештік», - деген премьер-министрдің сөзін келтіреді телеарна.

Бұған дейін Үндістан ғарыш зерттеулері ұйымы ұлттық экипажды орбитаға жекеменшік үнді кемесімен жіберу мақсатында біршама жұмыстар атқарып жатқаны туралы хабарланған еді. 

© AP Photo/Markus Schreiber

Соңғы жаңалықтар