+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Үндістан электронды темекінің өндірісіне тыйым салды

2019 жылғы 19 қыркүйек 11:23
Бөлісіңіз:
Үндістан электронды темекінің өндірісіне тыйым салды

ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістан министрлер кабинеті электронды темекінің өндірісіне, сатылымы мен импортына тыйым салып, оның денсаулыққа қауіпті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-та 14 адам электронды темекінің құрбаны болды

Қаржы министрі Нирмала Ситхараман Үкімет жастарға кері әсер тигізіп жатқан вейпинг өнімдеріне (электронды темекі тарту) тыйым салуды бекіткенін хабарлады.

Айта кеткен жөн, Үндістанда темекі тартатын ересектер саны 100 млн адамнан асады. Бұл электронды темекі шығаратын компаниялар үшін әлеуетті нарық саналады.

Никотиннен, судан, ерітінділер мен хош иістендіргіштерден тұратын вейпинг – темекінің балама түрі. Ол шылым шегуден арылуға көмектесуі мүмкін. Бірақ оның денсаулыққа әсері әлі де толық зерттелмеген.

Осы заңды бұзушылар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Айта кетейік, дәстүрлі темекі өнімдеріне тыйым салынған жоқ.

«Электронды темекіні өндіру, жасап шығару, оны сату, импорттау және экспорттау, онымен байланысты жарнамалар таратуға тыйым салынды», - деді Ситхараман баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, АҚШ пен Үндістанда жүргізілген зерттеу бойынша кейбір жастар вейпингті «заманауи стильдің бір бөлігі» деп санайды.

Үндістан темекі өнімдерін тұтыну жағынан әлемде Қытайдан кейін екінші орында тұр. Осылайша, бұл елде жыл сайын 900 мыңнан астам адам темекі салдарынан болатын ауруларға шалдығып, көз жұмуда.

Алайда, Үндістанның денсаулық сақтау министрлігі қоғам, ең алдымен, вейпингтің жастар арасында «эпидемияға айналуына» жол бермеуіне көңіл аударуы керек екенін алға тартады.

Айта кетейік, 2018 жылы АҚШ, Ұлыбритания және Франциядағы вейперлер түтіні жоқ темекі мен вейп-өнімдерге 10 миллиард АҚШ долларын жұмсаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT