+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Үндістан бір күнде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты

2021 жылғы 22 сәуір 21:32
Бөлісіңіз:
Үндістан бір күнде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының анықталған жағдайларының саны 314 835-ке артып, 15 930 965-ке жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Үндістанның Денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министрлігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Үндістанда COVID-19-дан қайтыс болғандардың тәуліктік көрсеткіші бойынша антирекорд тіркелді Еуропалық комиссия COVID-19 вакцинасын алғандарға Еуроодаққа кіруге рұқсат беруді ұсынды Коронавирус: Үндістанда тағы 7 млн адам жұмыссыз қалды

Үндістанда бір тәулікте тіркелген ауырғандар саны әлемдегі пандемия тарихындағы ең үлкені болды. Reuters ақпарат агенттігі хабарлағандай, бұрын мұндай жағдайлардың саны бір күнде ресми түрде еш жерде тіркелмеген.

15 сәуірден бастап Үндістанда 200 мыңнан астам жаңа вирус жұқтырғандар тіркеледі. Елде коронавирус инфекциясының екінші толқыны әлі шыңына жеткен жоқ және сарапшылар аурудың қашан төмендейтіні жайлы болжам жасауға дайын емес. Делидің өкпе аурулары бойынша маманы ТАСС агенттігіне берген сұхбатында айтқанындай, келесі аптада елдегі науқастардың бір күндік саны жарты миллионнан асуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Күніне ең көп вирус жұқтырғандар Махараштра штатында (67,468), Уттар-Прадеш штатында (33,106), Делидің Ұлттық астаналық округінде (24,638), Карнатака штатында (23,558) және Керала штатында (22,414) тіркелді. Махараштра штаты коронавирус инфекциясынан болған өлім-жітімнің ең көп саны туралы хабарлады – 568. Үндістан 28 штатқа және 8 одақтас аумаққа бөлінеді (Дели одақтас аумақ мәртебесіне ие).

Үндістанда бір күндегі емделгендер саны 178 841-ге артып, 13 454 880-ге жетті. 2 291 428 пациент емделуде, бұл алдыңғы күндермен салыстырғанда 133 890-ға көп. Соңғы 24 сағат ішінде Үндістанда 2 211 334 адам коронавируст инфекциясына қарсы екпе жасады, вакциналанған азаматтардың жалпы саны 132 330 644 құрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT