Үндістан әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары соқтығысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан ӘҚК пилотаждық Hawk Mk-132 екі реактивті шабуылдаушы ұшағы елдің оңтүстігінде жаттығу кезінде соқтығысты. Ұшқыштар катапульта жасап үлгерген, деп жазады Business Insider India.

Оқиға 16 ақпанда Бангалор қаласында әуе айлағының маңында болған. Онда «Сурья Киран» әуе тобы Aero India көрмесі аясында ертеңгі шоуға дайындалып жатқан.

«Сурья Киран» пилотаждық тобына 13 адам кіреді. Олар Британияның шығарған жаттығу ұшақтарымен дайындалған. Бұған дейін олар үндістандық әуе кемесін қолданып жүрген болатын.

Фото: businessinsider.in

Соңғы жаңалықтар