Үнділік полиция алтын алқаны жұтып қойған ұрыны 40 банан жеуге мәжбүрледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандағы Мумбаи қаласының полицейлері алтын алқа ұрлап, дәйекзатты жасыру үшін оны жұтып қойған ер адамды 40-қа жуық банан жеуге мәжбүрледі, деп жазды South China Morning Post.

Бастапқыда ер адам қылмысын мойындамады, алайда рентген суреті тәртіп сақшыларының күдігін сейілтті. Дегенмен медициналық үдеріс нәтиже бермеді. Дәрігерлер хирургиялық ота жасауды ұсынды, алайда полиция бұған қыруар қаржы кетеді деп есептеп, ер адамды банан жеуге мәжбүрлеу шешіміне келді.

Полицейлер көздегеніне жетіп, алқаны шығарды.

Соңғы жаңалықтар