Үнді студентінің өлімі: күдікті әйел ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үнді студентін өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының тумасы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға 9 қараша күні болған. 23 жастағы ер адамның денесін пәтер иесі тауып алған. Ер адам С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің 3-курс студенті болып шықты.

Аталған дерек бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасы ҚР ҚК 99-бабымен қылмыстық іс қозғады.

Полиция қызметкерлерінің  жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 30 жастағы Түркістан облысының тумасы қолға түсті.

"Күдікті ретінде 1987  жылы туған әйел ұсталды. Алдын ала ақпарат бойынша әйел адам мен ер адам екеуі алкогольді ішімдік ішкен. Отырыстың арты жанжалға ұласқан. Күдікті қамауға алынды", - деді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар