+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Үнді киносының жұлдыздары коронавирус жұқтырды

2020 жылғы 13 шілде 11:33
Бөлісіңіз:
Үнді киносының жұлдыздары коронавирус жұқтырды

МУМБАИ. EURONEWS - ҚазАқпарат – Үндістанда коронавирус өршіп, қоғамның түрлі тобына таралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте пневмониямен ауырғандар - 1011, 15  адам қайтыс болды Үндістандағы ұшақ апаты: 18 адамның денесі және «қара жәшік» табылды Әзербайжанның бірқатар қаласында карантин режимі жеңілдетілді

Сенбі күні Болливуд жұлдызы, үнді киносы тарихындағы ең танымал актерлердің бірі Амитабх Баччаннан COVID-19 табылды. Кейінірек оның ұлы – актер және продюсер Абхишек Баччан коронавирусқа жасаған тесті оң нәтиже бергенін хабарлады.

Жексенбі күні оның келіні – фотомодель және актриса Айшвария Рай мен 8 жасар немересінің ауру жұқтырып алғаны белгілі болды. Олардың барлығы Мумбаи ауруханасына жатқызылды.

Киножұлдыз табынушылары сүйікті актерлерінің ауру жұқтырып алғанына таңғалды.

Раджеш Кедар, рикши жүргізуші: «Коронавирус Мумбаида өте тез таралып жатыр, тіпті Амитабх Баччан да жұқтырып алды».

Абдул Рауфф, Амитабх Баччанның табынушысы: «Оның фильмдерін бірнеше ұрпақ бойы тамашалап келеміз – менің атама, әкеме және маған оның фильмдері ұнайды».

Үндістан ауру жұқтыру бойынша үшінші орында – ол жақта 850 мыңнан астам адам COVID-19-ға шалдыққан. Соңғы күндері коронавирустың таралуы рекордтық көрсеткішке жеткен – бір тәулікте 29 мың адамнан анықталған. Құрбандар саны 23 мыңға жақындады. Сарапшылардың айтуынша, эпидемия әлі өз шыңына жетпеген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT