Үміткер Таспиховтың штабы Тараздағы офтальмология орталығында болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штаб мүшелері - сенімді өкілдері облыстық офтальмология орталығы ұжымымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге келген 50-ге тарта ұжым мүшесіне сенімді өкіл Б.Қарауылов еліміздегі ең үлкен қоғамдық ұйым саналатын Кәсіподақтар федерациясы ұсынған кандидат Аманкелді Таспиховтың тұғырнамасындағы көтерілген мәселелерді баяндап, әрқайсысына жеке-жеке тоқталды. Ол кәсіподақтың еңбек қоғамы мен еңбек адамы үшін қаншалықты маңызды екенін айтты.

Жиын соңында сенімді өкілдер еңбек ұжымын бірауыздан кандидат А.Таспиховты қолдауға шақырып, үгіт-насихат материалдарын таратты.

Соңғы жаңалықтар