Ұлжан Байбосынова: Еуропа қазақтың дәстүрлі музыкасын жылы қабылдайды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюссельдің басты концерт залы «Bozar Music»-те қазақтың дәстүрлі музыкасының танымал шеберлерінің өнері тамашаланды.

Олар Еуропа жұртшылығының назарына «Даланың әуені мен өлеңдері» концертін ұсынды.

Көрермендер залы қазақтың дәстүрлі музыкасының еліктіретін атмосферасына ене алды. Мұндағы сахнаға қазақ жырауы Ұлжан Байбосынова, музыканттар Сержан Шақратов (домбыра), Раушан Оразбаева (қобыз), Абдулхамит Райымбергенов (домбыра), Жанғали Жүзбаев (домбыра) және Талғат Мұқышев сынды өнерпаздар шықты.

Қазақтың танымал жырауы Ұлжан Байбосынова еуропалық жұртшылықтың қазақтың дәстүрлі музыкасын өте жылы қабылдайтынын атап өтті.

«Еуропалықтар музыкамызды жоғары кәсіби деңгейде қабылдайды, өйткені Еуропада көрермендер мәдениеті өте жоғары. Бұл ретте қазақтың дәстүрлі музыкасының құдіреттілігі соншалық, бүкіл әлем жұртшылығы оны беріле тыңдайды, терең түсінеді», - деді Ұ.Байбосынова.

Қазақтың дәстүрлі аспаптарының үні тыңдармандарды қазақтың байтақ даласына әкетіп, қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрлері әлемін ашқандай болды. Қазақ музыканттарының өнері бельгиялық азаматтарға Қазақстан халқының бай мәдени мұрасымен, жоғары шеберлігі және бірегей шығармашылығымен жақынырақ танысу мүмкіндігін берді.

Соңғы жаңалықтар