Ұлытаулық полицей қазақ ақындарының 90-нан астам өлеңін жатқа біледі

None
Видеодан алынған кадр/t.me/POLICE_of_KZ
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Ұлытау облысы полиция департаменті тылдық қамтамасыз ету басқармасының арнайы және әскери қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы Үркер Үкіматов қызметімен қатар өнерді де жанына серік етіп жүрген азаматтардың бірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Жамбыл облысының Сарысу ауданында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүріп түрлі байқауларға қатысып, жастайынан өлеңге деген құштарлығы арта түскен.

Ішкі істер органдарында қызметін 2022 жылы Астана қаласынан бастады.

«Бала кезден кітап оқығанды ұнаттым. Маған ақындардың өлеңдерін жаттап алып, нақышына келтіріп оқыған ұнайды. Әсіресе, Махамбеттің өлеңдерін оқығанда ерекше бір күй кешемін. Осындай рухты өлеңдердің жастарға берер патриоттық тәрбиелік маңызы зор», - дейді Үркер.


Соңғы жаңалықтар