Ұлытаудан жаяу шыққан марафоншы ақсақал Қызылордаға жетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ұлытаулық 72 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашов 13 күнде Қызылордаға жетті. Марафонға қатысушыны Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Сыр елінің тұрғындары қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақсақалды қалаға кіреберісте облыстық «Дәстүр» қолөнер орталығының қызметкерлері мен дәстүрлі өнер және этнопедагогика орталығының қызметкерлері, сондай-ақ жедел жәрдем бригадасы қарсы алды.

Дәрігерлер қашықтыққа қарамастан марафоншы өзін жақсы сезінетінін айтты.

«Менің бұл Қызылордаға алғаш келуім. Күн жылы, адамдар қонақжай. Мен үшін Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында салтанатты қабылдау ұйымдастырылды. Облыстық «Дәстүр» қолөнер орталығының, Дәстүрлі өнер және этнопедагогика орталығының қызметкерлері БАҚ өкілдерімен, мәдениет қызметкерлерімен, әріптестеріммен кездесу ұйымдастырды. Мені Түркістаннан арнайы келген қолөнерші ақсақал Пахраддин қарсы алды. Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды», - дейді марафоншы.

Сәрсенбай Қотырашов кездесуге қатысушыларға сапарының мақсатын айтып берді.

«Қызылордаға барар жолда 100-ге жуық адамды кездестірдім, арасында кейбіреуі ғана Ұлытаудың тарихы, қымыз мерекесі туралы біледі екен. Мен оларға Ұлытау жайлы біраз әңгіме айттым. Сондай-ақ, сегіз қолөнершінің телефон нөмірін жазып алдым. Сапарымның соңына дейін олардың саны кем дегенде 1000-ға жетеді деп үміттенемін», - дейді ақсақал.

Айта кетейік, Сәрсенбай Қотырашов 31 наурызда жолға шықты.

Оның мақсаты – еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарын Ұлытау ауданының тарихымен және киелі жерлерімен таныстыру, сондай-ақ қолөнершілермен кездесу.

Ол Қызылордадан Түркістанға, одан әрі Шымкентке, Таразға, содан кейін бүкіл ел арқылы Ақтауға жетуді жоспарлап отыр.

Ақасақал қарашаға дейін Қазақстанның бүкіл өңірлерін аралауды көздеп отыр.






Соңғы жаңалықтар