Ұлытаудан құланның жойылуы мен Жошы хан өлімі арасында қандай байланыс бар
2022 жылғы 14 маусым 18:16

Ұлытаудан құланның жойылуы мен Жошы хан өлімі арасында қандай байланыс бар

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазған өңірі, Ұлытау қойнауы Алтын Орданың бастауында тұрған тұлғалармен байланысты тарихи нысандарға бай. Соның бірі – Домбауыл кесенесі. Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің маманы Диана Қаппарова ҚазАқпарат тілшісіне аталған тұлғаның ел аузындағы аңыздардағы бейнесі туралы мәліметтер берді.

Кейбір деректерде Шыңғыс ханның сарай сазгері болған делінетін Домбауыл Жошы ханның өлімі құланнан келгенін білгенде Ұлытау өңіріндегі құланның тұқымын жойып жіберген. Көне аңыздардан бүгінге осындай мәлімет жеткен. Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің экскурс жүргізушісі Диана Қаппарованың айтуынша, аңыздың қисыны керемет болғанымен, кесененің «жасы» мен Шыңғыс ханның өмір сүрген заманында алшақтық бар. Өйткені Домбауыл кесенесі VIII-ІХ ғасырлардың нысаны болып есептеледі.

«Домбауыл - әлемді жаулаған Шыңғыс ханның сарай сазгері болған дейтін деректер бар. Жошы ханның өлімі құланнан болғандықтан, орталық Қазақстан аумағынан құланды жойып жіберген деп те айтылады», - деді музей қызметкері.

Айта кетейік, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Президенттің алдында қандай негізгі проблемасын көтеретінін айтты.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT