Ұлытаудағы өрт: Фермерлерге келген шығынды бағалайтын комиссия құрылды

None
None
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – Ұлытау ауданында жарияланған Төтенше жағдайға байланысты комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Өрт далаға тарауда. Қазіргі уақытта ауылдар зардап шеккен жоқ. Жағдай Қарағанды облысы ТЖД тұрақты бақылауында. Өртті жою бойынша операцияны басқару ТЖ болып жатқан ауданға келіп жеткен облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаровқа тапсырылды. Малы қырылған немесе жайылымдары өртеніп кеткен фермерлердің залалын бағалау жөнінде комиссия құрылды.

Ұлытау ауданының үш округіндегі дала өрттерін жоюға 216 адам және 28 бірлік техника тартылды.

Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауда ұстап отыр.

Еске салсақ, Ұлытау ауданында дала өрті өршіп 3 ауылда Төтенше жағдай жарияланған еді.



Соңғы жаңалықтар