+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Ұлытауда Жолдауға байланысты ауқымды жұмыстар атқарылуда – Берік Әбдіғалиұлы

2020 жылғы 20 қыркүйек 16:55
Бөлісіңіз:
Ұлытауда Жолдауға байланысты ауқымды жұмыстар атқарылуда – Берік Әбдіғалиұлы

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған екінші Жолдауын жариялады. Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін беретін мәселелер қаралды.

Мемлекет басшының мемлекеттік бағдарламалардың жаңа үлгісіне қатысты сараптамалық үлгідегі пікірлері мен содан өрбитін нақты ұстанымдары көңілге қонымды екені ақиқат.

«Осыған қатысты реформаларды «мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйесіне және оларды орындау жауапкершілігіне деген көзқарасты өзгертуден бастауымыз керек» деген сөзінде терең мән жатыр. Себебі, барлық мәселелердің түпкі түйінін тарқату жайы басқару тетігінің тиімділігіне тікелей байланысты»,- деп Жолдауға қатысты пікірін білдірді Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғалиұлы.

Жолдауға байланысты биылғы жылы Ұлытау ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 18 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Дамыту жобасы аясында 3 жоба іске асырылуда. Олар Қарсақбай кентінде 100 орындық спорттық сауықтыру кешені, Жезді кентінде де 100 орындық спорттық сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аудан орталығында кәріз тазалағыш ғимараттардың құрылысы жасалуда. Осы жылы 15 жоба іске асырылады. Білім беру саласында - 3 жоба, мәдениет саласында - 4 жоба, тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары саласында - 8 жобаның жұмыстары іске асырылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 522 жаңа жұмыс орындары, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 260 адам жұмыспен қамтылды. Бүгінгі күні «Жұмыс орындарын құру интеграциялық картасы» базасына жоспарланған барлық 522 жұмыс орнының 275 орны ашылды, соның ішінде ЖҚО арқылы 142 адам уақытша жұмыстарға жолданып, мердігер арқылы 142 адамға еңбек келісімшарттары енгізілді.

«Ауыл ел бесігі» арнайы жобасы аясында ауданымызға қарасты барлық мектептер мен клуб үйлеріне күрделі жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі таңда пайдалануға берілді. Көптен күткен Алғабас ауылындағы орта мектеп бүгінгі таңда пайдалануға беріліп, оқушылар сол мектепте білім алып жатыр. Биылғы жылы Мемлекет басшысының Жолдауда көрсетілгіндей ауданымыздың гүлденуіне өзіміздің септігімізді тигізіп жатырмыз. Әлі де болса ауданымыз үшін жұмыс істеуге дайынбыз. Еліміз, жеріміз, аудан, ауылдарымыз көркейе берсін!», - деді Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғалиұлы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT