Ұлытауда туристерге арналған ақпараттық дүңгіршек ашылды

None
None
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Ұлытау ауданында туристерге арналған ақпараттық дүңгіршек ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Отандық және шетелдік туристерге Ұлытау ауданы, оның  тарихи-мәдени ескерткіштері мен туризм индустриясы туралы үш тілде толыққанды ақпарат беретін дүңгіршек «Ұлытау» қорық-мұражайы жанынан ашылды.

 Қорық-мұражайдың баспасөз хатшысы
Зейнет Мұсабаеваның айтуынша, мұндағы мақсат - Ұлытаудағы  туристтік нысандар туралы бәсекеге қабілетті ақпараттық контент құру.

«Бұнымен қоса, Ұлытауда қолайлы туристік климат қалыптастырудың бір бағыты - қонақ күту мәдениетін дамыту. Осылайша, дүңгіршек қонақтарға көрсетілетін  қызметтердің сапасын көтеруге бағыттылған. Қазір әлемде этнографиялық туризмге  сұраныс артып  келеді. Сонымен қатар, қолөнер - ұлттық мәдениеттің және елдегі туризм индустриясының бір саласы  болып саналады. Осы себепті дүңгіршекке Ұлытау туралы кітаптар, туристтік ақпараттар жазылған буклеттер, брошюралар, кәдесыйлар мен жергілікті шеберлердің қолынан шыққан бұйымдар қойылған», - деп атап өтті қордың баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, Ұлытау ауданында туризмді дамыту мақсатында этноауыл салынады. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов айтқан болатын.

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында өткен жылдың өзінде ғана өңір мецанаттары 74  әлеуметтік нысан салған және жөндеуден өткізген.

Сондай-ақ Ұлытауда Сапар орталығын салу жоспарланған. Олардың инфрақұрылымында мейрамханалар, кәдесый дүкендері, шеберханалар, конференция залдары, тарихи және зерттеу жиындары өтетін залдар шоғырланатын болады.

Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы  «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына» енген Ұлытау өңірі қалай дамытылатыны туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов айтып берген болатын.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар