Ұлытауда қазақтың дәстүрлері ұлықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ұлытаудағы Кененбай көлі маңында 5-7 мамыр күні «Көкмайса» этнофестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өткен жылы өткізілген «Ұлытау қымызы» және биылғы «Көкмайса» фестивальдері өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған. Фестиваль аясында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері салтанат құрып, қазақтың материалдық емес құндылықтары насихатталады», - деді Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Байжантаев.

«Көкмайса» фестиваліне киіз үйлер тігіліп, шағын жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда жергілікті тұрғындар қымыз, айран, май, қаймақ сынды өнімдерін келген қонақтарға ұсынды.

Фестиваль қонақтары мен қатысушылары атқа мініп, велосипед тебуіп, Ұлытауға шығып демалуға, сондай-ақ олар Жошы хан мен Алаша хан мазарларына баруға мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, енді «Көкмайса» фестивалі жыл сайын өткізілмек. Олар бұл шараны «Терісаққан көктемі» этнофестивалінің бір бөлігі деп отыр.

Еске сала кетейік, «Терісаққан көктемі» этнофестивалі - бірегей мереке, себебі қазақ жылқы өсірушілерінің мерекелік рәсімдері Терісаққан ауылында ғана сақталған.

Мереке шетелдіктер арасында зор танымалдыққа ие болған еді. «Терісаққан көктеміне» Польша, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстаннан қонақтар, «National geographic», Қазақстан ұлттық география қоғамының өкілдері, ғалымдар келген. 

Соңғы жаңалықтар